Экономика
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4185,7 млн долларды құрады
Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4185,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 9,1 пайызға артты. Оның ішінде экспорт – 1328,1 млн АҚШ долларын құраса,, импорт – 2857,6 млн АҚШ долларға жетті.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі жағынан Ресей 92,1 пайызбен көш бастап тұр. Одан кейін Қырғызстанға тиісті сыртқы сауда көлемі 4,3 пайыз шамасында. Беларусь - 3,5 пайыз, Армения – 0,1 пайыздан келеді.