Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның электр энергетикасына 700 миллиард теңге инвестиция құйылды

Қазақстанның электр энергетикасына 700 миллиард теңге инвестиция құйылды

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Шектік тарифтер (инвестицияға айырбас түріндегі тариф) бағдарламасының аясында соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның электр энергетика саласына бағытталған инвестициялар 700 млрд теңгені қамтыды. Бұл туралы жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрлігінің электр энергетика департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов хабарлады.

"Осы жылы шектік тарифтер бағдарламасы аяқталады. Нәтижелер бойынша Қазақстанда қосымша шамамен 3300 МВт қуат ендіріледі деп жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді Б.Сәрсенов.

Оның айтуынша, 2009 жылдан бері қолданыстағы 5 мың МВт модернизацияланып, қосымша 1700 МВт ендірілген, бұл Қазақстан экономикасы мен халқының қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.

Б.Сәрсеновтың деректеріне сүйенсек, 2018 жылға таман Қазақстанда мына жоғары вольтты желілер салынады: "Екібастұз - Семей - Өскемен" және "Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы" 500 кВ ӘЖ.

Аталған желілердің құрылыс жобасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - "Екібастұз - Семей - Өскемен 500 кВ ӘЖ құрылысы", жоспарлы іске асыру мерзімі - 2011-2017 жылдар. Жалпы 600 километр әуе желісінің 130 километрі салынып біткен. Екінші кезең - "Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы 500 вК ӘЖ құрылысы", жоспарлы іске асыру мерзімі - 2012-2018 жылдар.

Электр магистральдар іске қосылғаннан кейін Қазақстанда темір жолдың бірқатар энергия тапшылығы бар телімдерін электрлендіру үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі, шекара аумақтарын және шалғай аудандарды дамытуға, баламалы энергия көздерін игеру жобаларын кеңейтуге қосымша серпін беріледі.

2014 жылы Қазақстанның электр энергетика жүйесі 2013 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық электр энергиясы өндірілген - 91,6 млрд. кВт/сағ.

Похожие материалы