Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ет өндірісінде 3 жаңа бренд пайда болады

Қазақстанның ет өндірісінде 3 жаңа бренд пайда болады

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - Инвестиция және даму министрлігі (ИДМ) мен ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) бірігіп ет өндірісін дамыту мақсатында жаңа үш бренд құрады. Бұл туралы инвестици және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев хабарлады.

"ИДМ ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп үш брендті құру және тіркеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Олар: «KazMeat», «QazaqOrganicFood» және «HalalKazakhstan» брендтері. Жаңа өндіріс ет өнімдері өнірісін дамытуға бағытталған", - деп атап өтті Алик Айдарбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің потенциалы толық пайдаланылып отырған жоқ.

"Мұндай брендтер арқылы ауыл шаруашылығы бойынша қазақстандық таур өндірушілер өз өнімдерін шетелге шығара алады. Әрине, брендті құрып, тіркеп қою аздық етеді. Сондықтан оны шетелде таныма етуіміз керек. Ол үшін біз бірқатар шаралар кешенін құрастырдық. Одан бөлек, биоөнім, экоөнім және табиғи өнімдер дегеніміз не? Осылардың нақты стандарттарын жазып, басқа елдер соны мойындайтындай болу керек. Сонымен қатар, шетелдерде презентациялар, жарнамалар жасап, көрмелер ұйымдастырып отандық өндірушілерге өз өнімдерін алға жылжытуға көмектесу қажет", - деді вице-министр.

Похожие материалы