Экономика
Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне ашықтық жетіспейді
Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне ашықтық жетіспейді. Бұл туралы "Сандж" зерттеу орталығының президенті Жанар Жандосова Астана қаласындағы баспасөз отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет туралы әлі егжей-тегжейлі есеп беріліп жатқан жоқ және "жабық түрде жоспарлануда".
"Бюджеттің жобасында ешқашан макроэкономикалық болжамның қайдан шығатыны көрсетілмейді. Бізде қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштердің салыстырылған көрсеткіштері берілмейді. Оның құрылымының қалай жасалатындылығы, қандай болып болашақта өзгеретіндігі айқын түсіндірілмейді. Мемлекеттік қарыздарды басқару маңызды. Мемлекеттік компаниялардың, мемлекеттік органдардың активтері жайлы мәліметтер айқын түрде көрсетілмейді",-дейді Ж.Жандосова.
"Сандж" зерттеуі 102 мемлекетті бағалау барысында 2015 жылғы бюджетті ашық көрсету халықаралық критерийі бойынша, Қазақстанның ашықтық көрсеткіші 48-ден(2012 ж) 51 баллға көтерілгенін айтады(100 баллдық шкаламен есептегенде). Бұл мемлекет азаматтарына ақпараттың біршама қолжетімді болғандығын көрсетеді.
"Мемлекеттік органдар бұрын "тек ішкі пайдалануға" дейтін мәліметтерді, мысалы жарты жылдық есеп тәрізді құжаттарын жариялай бастады. Дегенмен де бюджетті талдап тексеруде, жоспарланған шығындарға қатысты түсініктеме беруде, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың активтеріне қатысты ақпарат беруде әлі шешілмеген мәселелер бар. Бірақ басты проблема - жоспарлау кезеңінде қоғамдық пікірдің ескерілмеуі",- деп атап өтті Ж. Жандосова.
Қазақстан мемлекет азаматтарының бюджет процесіне қатысу мүмкіндігі бойынша есептеуден тек 27 балл алды. Бірақ есеп коммитеті тарапынан бюджеттік шығындарды бақылау бойынша 59 баллға және заң жобасы тарапынан 70 баллға ие болды.
Бүкіл әлемдік мәліметтер Қазақстанның бюджетінің ашықтық индексінің өсіп жатқанын көрсетеді. Кейбір мемлекеттер, оның ішінде Қырғызстан бюджет ашықтығын 20-дан 54-ке дейін 3 есе көбейтіп отыр. Әзірбайжанда 42-ден 51-ге дейін көтерілді.
"Сандж" президенті бюджетті талдап тексеру, шығындарға түсініктеме беру және мемлекеттік органдардың активтері жайлы мәліметтерді көпшілікке жариялау деңгейін көтеруді ұсынады.