Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Мемлекет ішіндегі өзара сауда 5 млн тоннаға дейін көбейеді. 2017 жылы ЕАЭО елдерінде сүт өндірісі 4 пайызға өседі. Бұл туралы ЕАЭ комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің айтуынша, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені бойынша Сергей Сидорскийге 2016 жылы одақ елдері 45,4 млн тонна сүт өндірген. Ал 2017 жылы 46,5 млн тонна өнім шығарылады деп жоспарланып отыр.
«Бұл жылы өзара сауда көлемі 5 млн тоннаға дейін өседі. Басқа елдерден келетін импорт мөлшері 3,2 млн тоннаға дейін қысқарады»,-деп түсіндіріп өтті ЕАЭК министрі Сергей Сидорский.
«Қазақстан мен Арменияның сүтке қажеттілігі 90 пайызға, ал Ресейдікі 82 пайызға азаяды. Беларусь пен Қырғызстанда өндіріс көлемі ішкі сұраныстан шамамен 2,5 есеге асып түседі. Бұл ЕАЭО құрамындағы мемлекеттерге де, әлемнің үшінші елдеріне де сүт тасымалын көбейтуге мүмкіндік береді»,-деп атап өтті ол.
Министрдің сөзінше, комиссияда агроөнекәсіптік кешен саласында бірігіп зерттеулер жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, ол сүт өндірушілердің еуразиялық ассоцияциясын құруды ұсынды.
Еске салақ, бұған дейін бағдарлама координаторы және агробизнес инвестициалық орталығының (ФАО) маманы Инна Пунда Қазақстанға сүт фермерлігін дамыту стратегиясы қажеттігін айтқан еді. Тамыз айында ауыл шаруашылық министрі сүт бағасын төмендету туралы жоспарын хабарлаған.