Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шикізаттық емес өнімдердің экспорты 33 пайызға артты

Шикізаттық емес өнімдердің экспорты 33 пайызға артты

Астана. 31 қаңтар. 7kun.kz - 2013-2015 жылы Қазақстанның шикізаттық емес өнімдерінің экспорты 33%-ға артты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдері атап өткендей, 7 жылдан бері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалып келеді.

"Соңғы 2-3 жылда мұнай бағасының төмен әрі құбылмалы болуы жалпы экспорқа кері әсерін тигізді. Экспорт көлемі 2013 жылдан бастап 85 млрд доллардан 2015 жылға дейін 46 млрд долларға дейін қысқарды. Десек те өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 33%-ға өсті", - делінген министрлік хабарламасында.

Өңдеу өнеркәсібі тауарларының өсіміне әсер етуші негізгі факторлардың бірі - индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы. Бұл бағдарлама бизнес процедураларын жеңілдетуге және негізгі өндіріс көлемін азайтып алмауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ,  бағдарлама шикізат тауарларын экспорттаудан келетін шетел валюталарының көлемін азайтып, теңгеге деген қысымның азаюына ықпал жасады.

Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстанның сыртқы саудасы 55,3 млрд долларды құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,4%-ға аз.

Похожие материалы