Астана. 13 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанда 14 тауарлы биржа жұмыс істеп, барлығы 38,3 мың сауда жүргізілді. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлады.
Оның ішінде спот-тауар бойынша 41,7 мың, ал фьючерс бойынша 773 келісім жасалған.
Жалпы оперциялар бойынша айналым - 1,5 трлн теңге. Оның ішінде спот-тауар бойынша 1 313,3 млрд теңге, фьючерс бойынша 159,8 млрд теңге саудаға шығарылған.
Биржа саудасында жүргізілген келісім-шарттардың басым бөлігі бидай және зәйтүнге қатысты болған (470 млрд теңге немесе айналымның 31,4%-ы).
Осыған дейін хабарланғандай, 2016 жылы Қазақстанның бөлшек саудасындаы кәсіпкерлер 7,6 трлн теңгенің тауарларын сатты. Бір жылы ішінде қазақстандықтар 2,7 трлн теңгеге азық-түлік, 4,9 трлн теңгеге азық-түлік емес тауарлар алған.