Экономика
Қазақстанның тауар биржаларындағы сауда онлайн режимде өтетін болады
Қазақстанның тауар биржаларындағы сауда тек онлайн режимде өтетін болады деп хабарлайды lsm.kz сайтына ҚР ұлттық экономика министрлігің жауапты хатшысы Данияр Вагапов.
Осылайша, елдегі биржа саудасын онлайн сауданы ұйғаратын электронды биржа саудасын өткізу арқылы шектеу жоспарланып отыр. Мұндай өзгерістер министрлік әзірлеген Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жазылған.
Министрліктегілер сауданың электрондық форматы барлық қатысушылар үшін олардың орналасқан жерінен және техникалық жабдықталуынан тәуелсіз биржа саудасына бірдей қол жетімділікті ұсынады. Осылайша, электронды биржалардағы саудаға қатысу үшін ғаламторға шығу мүмкіндігіне және тауар биржасының сауда жүйесіне алдын-ала алынған қосылу рұқсатына ие болу жеткілікті.
Бұған қоса, мұндай ұстаным тауарды сатып алу-сату мәмілесінің жасалғанын растайтын биржа есептерін бірден алуға мүмкіндік береді.
Мекемедегілердің айтуынша, онлайн-сауда биржа саудасының ашықтығын арттырады және жасалған мәміле бойынша сауда жүйесінің нәтижелеріне өзгертулер енгізу мүмкіндігін болдырмауға жол ашады. Сонымен қатар бүгінгі таңда министрлік тауар биржасында өткізілетін тауарлардың тізімін кеңейту мәселесін қарастыруда.
"Министрлік тауар биржаларымен бірге нарыққа жүргізілген талдау негізінде биржа тауарларының тізбесін және тауарды анықтау мен оны тізбеге қосу үшін ұсынылатын партиялардың минимал көлемін қалыптастыру әдістемесін әзірлеуде", - деп мәлімдеді Д.Вагапов.
Айта кетелік жайт, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жасалған мәмілелер жөніндегі биржа саудасы айналымының ең үлкен үлесі бидай мен меслинге тиесілі - 58,1%.