Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізіледі

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне өзгертулер енгізіледі

Бұл туралы бүгін "Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін модернизациялау туралы" тақырыбындағы брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымдағы Елбасының Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі модернизациялау тұжырымдамасы келесі бағыттарды қарастыратындығын хабарлады:

- 2017 жылдың 1 маусымынан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінен тәуелді базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі. Зейнетақы жүйесінде қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болған жағдайда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% қамтиды және 10 жылдың үстіндегі әр жыл үшін ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 2% артып отырады;

- 2018 жылдан бастап БЖЗҚ-да ашылған шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің қызметкер табысының 5% жарнасын есептеу есебінен жаңа шартты-жинақтаушы компонентасының енгізілуі.

Қызметкерлер зейнет жасына жеткен кезде және кем дегенде бес жыл қатысу өтілі болған жағдайда шартты-жинақтаушы компонентасынан алынған зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотынан қалыптасқан зейнетақы құқықтарына және күтілетін өмір ұзақтығына сүйеніп анықталады. Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұрагерлікпен қалдырылмайды.

Сонымен қатар вице-министр 2015 жылдың мамырынан бастап, аудан орталықтарынан алшақ елді мекендерде тұратын азаматтар үшін "Қазпочта" АҚ мен шағын қызмет көрсету орталықтарының мамандары зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау, сондай-ақ мүгедектікті анықтау үшін құжаттарды қабылдауды ұйымдастыратындығын айтты.

Похожие материалы