Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы азайды

Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы азайды

Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы (ЖСҚ) 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында 155,239 млрд доллар болды. Ал 2014 жылы ЖСҚ - 157,423 млрд болған еді. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осылайша, көрсеткіш 6 ай ішінде 1,4%-ға төмендеді. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, мемлекеттің сыртқы қарыз үлесі мен мемлекет кепілдік жасаған қарыздың ортақ көлемі 1-ші жарты жылдықта 5,3%-ға түсіп, 8,276 млрд долларды құрады. Мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыз үлесі ЖСҚ көлемі бойынша 146,963 млрд долларды құрады. (2014 жылы 148,720 млрд доллар болған). Ал халықаралық фирмалардың үлесі ЖСҚ есебі бойынша 52,6% немесе  81,654 млрд долларды құрады.

Похожие материалы