Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақтелеком" Лондон қор биржасына IPO-ға шығуы мүмкін

"Қазақтелеком" Лондон қор биржасына IPO-ға шығуы мүмкін

«Қазақтелеком» АҚ Лондон қор биржасына IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде компания басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлімдеді.

«Біз компания IPO-ларын Лондон қор биржасына шығарғымыз келеді. Яғни, кеңесшілермен бірігіп отырып листинг моделін жасадық. Бірақ барлығы уақытқа байланысты. Нарық әлі дайын емес. Әзірге компанияның мүмкін болатын IPO-сы жөнінде "Самұрық-Қазынаға" ұсыныс айттық. Лондонның биржасы ең ыңғайлы биржалардың бірі», — дейді Есекеев. «Директорлар кеңесінің нақты шешімі шыққан жоқ. Ұсыныстар жіберіп қойдық, бірақ бірлескен шешім шығарғын жоқпыз. Акциялар пакетіне минимал талаптар 20 пайыздан жоғары (компанияның орналастыратын акцияларының есебінен). Инвесторларға байланысты. Егер олар ашқан терезе сәтті болса, біз енуге тырысамыз. Сәтсіз болса, кіріп неміз бар?», — деп толықтырды сөзін басқарма төрағасы. Егер инвесторлар тарапынан қызығушылық болса, компания құнды қағаздарының "Астана" халықаралық қаржы орталығында орналастырылуы мүмкін екендігін де жасырмайды Есекеев. «Бұл жерде ең маңыздысы инвесторлардың қызығушылығы. Егер "Астана" қаржы орталығы ашылса, листингті осы жерде жасап көруге болады. Ондай заңнама болатын болса, инвесторларға Лондоннан ала ма, осы жерден ала ма айырмашылық болмайды», — дейді ол. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның жетекші операторы. Компанияның негізгі акционерлері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Оның үлесі - 52 %. Сонымен бірге, Bodam B.V. — 17,2%, Deran Services Limited — 7,74%

Похожие материалы