Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазАгро 100 млн доллар берешегін қайтарды

ҚазАгро 100 млн доллар берешегін қайтарды

"ҚазАгро"ұлттық басқарушы қолдингі" АҚ HSBC Bank PLC-ден (The Royal Bank of Scotland PLC) алған 100 млн доллар қарызын өтеді. Осы төлеммен банк шетелдік несиегерлер алындағы негізгі қарызды өтеу бойынша төлемдер сериясын жапты деп хабарлайды ҚазАгро баспасөз қызметі.

2015 жылдың қаңтарында ҚазАгро осындай сомма берешегін өтеген-тін. Тартылған қаражат холдингтің айналым капиталын толықтырды және ауыл шаруашылық секторын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында АӨК кәсіпорындарын қаржылық сауықтандыруға, ауыл шаруашылық лизингіне және ірі қара малды сатып алуға бағытталды.

Қаңтардың аяғында бұл қаражат ауыл шаурашылық техникасының лизингі және оны сатып алу бойынша 115 шарт жасауға, 465 қарыз алушыны қаржыландыруға, 2800 ірі қара мал (ІҚМ) басын, 2011,3 мың тонна ІҚМ етін және өңдеу үшін 1266,7 тонна жүнді сатып алуға мүмкіндік берді.

Похожие материалы