Экономика
Выбор редактора
«ҚазАгро» үш облыстың егін науқанын 941,1 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырды
2015 жылғы егін егу және жинау науқанын жүргізу шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялары өңірдің үш облысының шаруашылықтарының өтінімдерін 941,1 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырды, оның ішінде 507,5 млн. теңгесі ОҚО шаруашылықтарына, 158,5 млн. теңгесі - Жамбыл облысына, 281,1 млн. теңгесі - Қызылорда облысына тиесілі, деп хабарлайды «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жылдың басынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық құрылымдары мен шаруашылықтарына холдингтің еншілес ұйымы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша 165 түрлі ауылшаруашылық, топырақты өңдейтін және арнаулы техникалар жеткізілді», делінген хабарламада.
Аграрлық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының қаржыландырудың түрлі құралдары: астықты форвардтық сатып алу, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен несиелеу, несие серіктестітерін несиелеу, ауылшаруашылық техникаларының лизингі және басқалары арқылы жүзеге асырылады.
Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында, өткен жылғы сияқты «ҚазАгро» холдингімен кейіннен олар ауылшаруашылық тауарөндірушілерін несиелеуі үшін ЕДБ қорландыру құралы қолданылды. Бағдарламаға қатысатын банктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге - 4-тен 8-ге дейін өсті. Олар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні 100% қаражат игерілді.
Жалпы Қазақстан бойынша қазіргі күні несиелеу бағдарламалары бойынша 66,6 млрд. теңге сомасына қаржыландыруға ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 3 255 өтінімі мақұлданды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теңге), 66,1 млрд. теңгеге 3 220 өтінім қаржыландырылды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теңге). Егістік алаңының жалпы қамтылуы 6,3 млн. га. құрайды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 17%-ға жоғары.
2015 жылдың 17 шілдедегі мәліметтері бойынша «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен 10,3 млрд.теңге сомасына лизингке 1 287 ауылшаруашылық техникасын сатып алу қаржыландырылды. Егін жинайтын техника бойынша жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгеге 1 266 комбайнды сатып алуға өтінімдер қабылданды, жиынтық сомасы 7 млрд.теңгеге 937 комбайнға қаржы лизингі шарттары жасалды.
Еске сала кетейік, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.
Ақпарат көзі:
ҚазАқпарат