Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазАгро штатын қысқартпақшы

ҚазАгро штатын қысқартпақшы

Холдингтегі шығындарды қайта қарау аясында "ҚазАгро" қызметкерлер санын қысқартпақшы. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Ұлттық басқарма холдингі "ҚазАгро" " АҚ-ның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Махажанов мәлімдеді деп хабарлайды Kapital.kz

Оның айтуынша холдинг шығындарын  12%-ға немесе 200 млн теңгеге дейін қысқартпақшы. Сондай-ақ,  жекешелендірудің екінші толқыны аясынла холдинг 500 млн теңгелік активтерін іске асырмақшы. "Шаруаларды қаржыландыру және сату үшін  екінші деңгейлі банктер мен жеке лизингті компанияларды жұмылдыратын боламыз. Осыған дейін біз де банктерді қорландыру -сауықтыру бағдарламасына байланысты тәжірибеміз болды. Қазір жаңа жоба аясында және көктемгі егіс жұмыстары мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша  келіссөздер жүргізіп жатырмыз", -деп қорытындылады ол алдағы жоспарлары туралы.  

Похожие материалы