Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

Астана. 1 наурыз. 7kun.kz — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға қызмет көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бұл пилоттық жоба корпорация бастамасы бойынша «Ауған соғысының республикалық мүгедектер бірлестігімен» біріге отырып жүзеге асырылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Енді мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынылатын болады.

«Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында 862 сурдоаудармашы жұмыс істеп жатыр. Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар қажетті құжаттар туралы ақпаратты онлайн режимде ала алады» — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында ғана іске қосылды. Алдағы уақытта басқа да аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері орнатылды. Ал  1 және 2 топтағы мүгедектер  бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО қызметкерлерін үйіне шақыра алады.

Похожие материалы