Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Салтанат Томпиева тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
1998 жылы Салтанат Томпиева Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, ал 2020 жылы - TBS (Toulouse Business School) - Aerospace MB бітірді.
Азаматтық авиация комитетінде еңбек өтілі 20 жылдан асады. Азаматтық авиация саласындағы еңбек қызметін 1998 жылы Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастаған.
1999 жылдан 2008 жылға дейін - стратегиялық жоспарлау бөлімінің, әуе қызметтері нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.
2008 жылдан 2012 жылға дейін - әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы.
2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін – Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы, басқарма басшысы-халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының бас мемлекеттік авиация инспекторы қызметін атқарды.