Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азаматтық қоғам белсенділері әлеуметтік желілерде

Азаматтық қоғам белсенділері әлеуметтік желілерде

Он жыл бұрын азаматтық қоғамының даму  тұжырымдамасы  талқыланып, Қазақстан Республикасында  2006-2011 жылы қабылданған  кезде, (№154, 25 шілде, 2016 жыл ҚР Президентінің жарғысымен бекітілген) белгіленген уақыт аралығында  азаматтық қоғам елдегі  салмақты әрі  беделді күшке ие болатындай еді. Бұл  тұжырымдамада барлық алғышарттар  айтылған, яғни, мемлекеттік даму барысында  азаматтық қоғам орнап, мемлекеттің саяси, экономикалық даму шамасына,  мәдени және өзіндік танымы мен  тұрмыстық жағдайының өсуіне  сәйкес  қалыптасады; Азаматтық қоғам орнауы мен мемлекеттегі демократияның дамуы өзара тығыз байланыста: Азаматтық қоғам неғұрлым дамыса соғұрлым демократиялық мемлекет болмақ; экономикалық ұқыптылық пен  адами қасиеттердің жоғарылауы азаматтық қоғамның даму алғышарты болып табылады.

Дегенмен, Қазақстандағы азаматтық қоғам  пассивтілігін және мемлекеттік билікке деген қызығушылығы жоқтығын көрсетіп келеді. Қазіргі таңда демократиялық құндылықтар мойындалғанымен әлі күнге дейін бұқара түсінігі бойынша қоғамдық проблемалардың шешуші құрал ретінде қалыптаспаған.  Азаматтық қоғамның белсенділігі төмен  болуының бір себебі, “Барлық мәселе жоғары жақта шешіледі және біздің қолымызда ештеңе тұрған жоқ”  деген Кеңес Одағынан келе жатқан  түсінікпен пайымдалады. Осы кезде  әлеуметтік мәселе мен  саяси емес бағыттағы мәселелерге назар аудару керек.

Азаматтық қоғамдағы белсенділерді ұйымдастыру және бірлестіруде әлеуметтік желілердің рөлі зор. 2014 жылдың наурыз айында Алматы тұрғындарының фейсбук әлеуметтік желісінде  Қарағанды облысы  Көкпекті ауылындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмегі осыған дәлел болмақ. «31 наурызда сағат 1:30 –да Көкпектіде болған тасқын салдарынан  1,5-1,8 метр биіктікте 100 үйді ( 810 үйден) су басқан», - деп әлеуметтік желідегі хабарламаларда  көрсетілген. Аталмыш апатқа байланысты Қарағанды тұрғындары үшін Алматы мен Астана қалаларында компаниялар әлеуметтік көмек  жинады. Ерікті Дина Сабированың бастамасымен  Алматы қаласындағы Арман кинотеатрында қажетті заттарды қабылдау бөлімі ұйымдастырылды. Дина Сабирова Алматылықтарды әлеуметтік желі арқылы жылы киімдер, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, аяқ-киім, азық-түлік және тағы да басқа заттар алып келуге үндеді. Дина Сабирова  «Ойда жоқта көмектесуге ниет еттім,  мұндаймен   алғаш рет айналысып тұрмын. Қарағанды облысында туған-туысқандарым жоқ, жай ғана адамдарға қолымнан келгенше  көмегімді бергім келеді. Менің ойымша, баспанасыз қалу деген адамның басынан өтетін ең қорқынышты оқиғалардың бірі. Ешкімге ондайды  тілемеймін», - дейді.Осы бағытпен  қажетті заттар мен азық-түлік жинау түнге дейін жалғасты. Әлеуметтік  желілерде  сағат сайын  жаңа жаңалықтар шығып отырды, ер азаматтарға орнынан тұрып, заттар тасуға көмектесуі үшін арнайы үндеулер жүргізілді. Танымал блогер Әлішер Елікбаев қиындыққа ұшыраған аймаққа жіберетінін жазып, көлігінің жүк салғышына  азық-түлік толтырылған   суретін әлеуметтік желіде жариялады. Осылайша ол зардап шеккендерге  бұқтырылған ет, жарма сияқты нақты қандай азық-түлік керек екенін  көрсетіп, өзіндік мастер класс жүргізді.  Содан соң жинақталған әлеуметтік көмек зардап шеккен аудандарға жіберілді, ол үшін  еріктілер «Қазақстан Темір жолы» компаниясымен келісіп,  барынша ат салысқан болатын. Осы тұрғыда әлеуметтік желі арқылы насихат жүргізіліп, зардап шеккендерге көмек жеткізілді.

Осыған ұқсас жағдай 2015 жылы шілде айында Алматы облысында  Наурызбай ауданындағы сел тасқыны кезінде орын алды. Мұнда әркім қалауымен  қатыса алатын еріктілер  штабы құрылды. Кәсіпкерлер су мен азық-түлік алып келді. Ал  мейрамхана иелері болса жұмысшыларды тамақтандырды. Демалыс күндері еріктілердің саны бұрынғыдан да көбейе түсті.  Көбісі  демалысқа бармай, жергілікті тұрғындарға көмектесуге  келіп отырды. Отандық кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нұрпейісов еріктілер штабы жайлы  ғаламтордан білген екен. 30 тамыз күні ол өзімен бірге 30 әріптесін де  алып келген еді. “ Бұл жерде екі фирманың өкілі бар. Қызметкерлердің жартысы   жұмысын атқару үшін кеңседе қалды, қалғанын осында алып келдік. Осы ауданның зардап шеккен адамдарына қол ұшымызды беріп, өз борышымызды атқармақшымыз.  Көмектесуші бірінші не соңғы адам емеспіз.Біз Алматыда тұрамыз және бұл қала біз үшін өте қымбат. ”

Өз есімін жарияламауды өтінген басқа кәсіпкер зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек керек екенін “Жұлдыз ФМ” радиосынан естігенін хабардар етті. Бұл туралы ол  таныстарына  айтып,  Алматы облысының 90 адамы жәрдемін ұсынған болатын. Өзі болса тұрғындардың жолына және азық-түлікке қаражат бөлді.

 Оқушы Диас Әубәкіров Алматы қаласындағы сел жағдайында  әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болды. Мектеп  баласы  «Жарты Қызыл Ай» еріктілеріне  келіп қолынан келген жұмысты атқаратындығын айтты. Еріктілер арасында “қонжық” атанып кеткен Диас  жасының кішілігіне қарамастан үлкендерден қалыспады. Үлкендердің айтуынша, оның еңбекқорлығымен ерік-жігері таң атқаннан кеш батқанға шейін су мен азық-түлік тасыған  еріктілерге көп көмегін тигізсе керек. Алматы қалалық Жастар саясатының басшысы Диасқа тамаша еңбегі мен өз жасындағыларға үлгі болғандығы үшін  құнды сыйлық ретінде велосипед  сыйға тартты.

Зерттеушілердің пікірінше, азаматтық қоғам – коммерциялық емес ұйым, үшінші сектор, адам құқығының кепілі, мемлекеттік билік пен қаржылық құрылымдардан бөлек қоғамдық қатынастардың байланысы.  Осыдан кейін Қазақстанда  азаматтық қоғам  белсенді дамуда деп нақты айта аламыз.

Автор: Светлана Галиева

Фото: vc.ru

Похожие материалы