Экономика
Выбор редактора
«Қазатомөнеркәсіп» $450 млн көлеміндегі бірлестірілген қарызды жұмылдырды
Қазақстанның «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы халықаралық банктермен $450 млн сомасына несиелік келісімге қол қойды. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Несиегерлер Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Citibank N.A. London Branch, Deutsche Bank AG London Branch, Mizuho Bank Ltd. және Sumitomo Mitsui Banking Corporation.
Ұлттық атом компаниясы берешекті 4,5 жылдық мерзімге 2% + Libor. жылдық мөлшерлемемен алып отыр.
«Қазатомөнеркәсіп» несие қаражатын өзінің еурооблигацияларын қайта қаржыландыруға бағыттауды жоспарлауда, оларды өтеу мерзімі 2015 жылдың мамырына сай келеді.
«Қазатомөнеркәсіп» 2010 жылы $500 млн соммасына алғашқы еурооблигацияларын шығарды. 5 жылға есептелінген бағалы қағаздардың сыйақы мөлшерлемесі 6,25%. Еурооблигацияларды шығарудан алынған қаражаттың негізгі мөлшері табиғи уранды өндіруге қатысты жобаларды қаржыланжыруға бағытталды.
«Қазатомөнеркәсіп» - атом энергетикалық станциялар, арнайы жабдықтар және қосарлы тағайындалудағы материалдар үшін уранды және оның сирек қосындыларын, сирек металдарды, ядролық отынды экспорттау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. «Қазатомөнеркәсіп» дүние жүзіндегі жетекші уран өндіруші компаниялардың қатарында.