Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары ШҚО-ға 3 миллиард теңге бөледі

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары ШҚО-ға 3 миллиард теңге бөледі

Алматы. 17 наурыз. 7kun.kz - Өскемен қаласында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты. Құжатқа сәйкес, ҮМЗ өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту іс-шараларына белсенді қатысатын болады.

Осы мақсатта зауыт 2017-2019 жылдары облыс бюджетіне 3 млрд теңге аударады, оған қоса, инвестициялық жобалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашады. Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны саналатын Үлбі металлургиялық зауыты қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында бірқатар инвестициялық жобаларды ісе асырып келеді. Солардың қатарында жылына атом реакторларына арналған 200 тонна жылу бөлгіш құрамалар шығаратын қуатқа ие өндіріс те бар.

Меморандум шеңберінде әкімдік Үлбі металлургиялық зауыты қызметкерлерін кәсіби дайындау, қайта дайындаудан өткізу және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға ықпал жасамақ. Сол күні «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Похожие материалы