Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазАвтоЖол" филиал басшысының орынбасары 3 млрд қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

"ҚазАвтоЖол" филиал басшысының орынбасары 3 млрд қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

Павлодар. 25 мамыр. 7kun.kz - "ҚазАвтоЖол" ҰК Павлодар облысы бойынша Акционерлік қоғам бөлімшесі директорының орынбасары А.А.Қасымханов 3 млрд теңге қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2017 жылдың 23 мамыр күні ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде КазАвтоЖол Ұлттық компаниясы Павлодар облысы бойынша Акционерлік қоғам бөлімшесінің директорының орынбасары А.А.Касымханов ұсталып, Павлодар қаласының ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұсталған күдіктінің 3 миллиард ақша қаражатын иемдену және талан-таражға шығару бойынша күдікке ілініп отырғаны айтылады. Күдікті жобалық-сметалық құжаттамада қамтамасыз етілмеген жолға арналған киімді ауыстыру, материалдарды қолдану арқылы Павлодар облысы аумағындағы көлік жолдарын қайта жаңғыртуға бөлінген мемлекеттік бюджетті мердігерлік ұйымдарға жымқыру бойынша қылмыстық схемасын ұйымдастырған делінеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы