Экономика
Қажымұрат Үсеновты 214 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктеніп отыр
Қажымұрат Үсеновты 214 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктенуде. Қазір ол үй қамағында отыр деп хабарлайды Жоғары сот.
"Астана қаласының Алматы ауданындағы №2 аудандық сот Астана қаласының прокуратурасымен келісе отырып "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ-ның құрылыс департаментінің экс-басшысына қатысты үй қамағы деген тыю шарасын бекітті. Қазіргі уақытта Қ.Үсенов "ЭКСПО-2017" консультанты лауазымында қызмет істейді", - деп жазылған бейсенбі күні Жоғары сот
сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Хабарламада жазылғандай, оны "ҚР ҚК-ның 176 бабында көрсетілген ірі көлемдегі соманы иемдену және жұмсап қою" арқылы 214 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктеніп отыр.
"Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың басында Қажымұрат Үсенов «Southfork» ЖШС-ның атқарушы директоры Сеитов С.Б және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ-ның лауазымды тұлғаларымен бірге халықаралық арнайы EXPO-2017 көрмесін өткізу үшін бөлінген қаржыны қылмыстық мақсатта иемденумен айналысқан. Кейінірек Қ.Үсенов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ-ның лауазымды тұлғаларыен бірге заңсыз әрекет ете отырып, «Southfork» ЖШС-ның ашық тендер бойынша жеңімпаз болуына барлық жағдайды қарастырған",- делінген хабарламада.
«Southfork» ЖШС 2014 жылдың мамыры мен қазаны аралығында көрменің құрылыс аумағына шектеу құрылғыларын орнату бойынша жұмыс істеген. "Алдын-ала келісім бойынша, Сеитов С.Б материалды баю үшін ай сайын атқарылған жұмыс актісін толтыру кезінде ондағы жұмыс құнын артығымен көрсетіп отырған. Осының нәтижесінде 2014 жылдың 15 мамыры мен қазаны аралығында «Southfork» ЖШС-ға ірі көлемдегі қаржы аударылып, кейінірек қолма-қол ақшаға ауыстырылды", - дейді Жоғары соттың баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі жалғасып жатыр.