Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz – Азия даму банкі күн электр станциясын салуға «Байқоңыр Солар» ЖШС-ға теңгелік эквивалентпен 11,5 млн доллар көлемінде қарыз берді, - деп хабарлайды банк.
Бұл келісімге 5 наурызда қол қойылған.
Бұл жоба қуаттылығы 50 мегаватт күн электр станциясын жобалауды, салуды, іске қосуды, пайдалануды және қызмет көрсетуді, сондай-ақ бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу үшін қажетті инфрақұрылымды көздейді. Күн электр станциясы жылына 73 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіретін болады.
Сондай-ақ ол шамамен 150 822 фотоэлектрлік панельден, 14 орталық инверторлы электрстанциядан және бір қосалқы станциядан тұрады деп жоспарлануда. Оңтүстік Қазақстанда салылатын бұл станцияның жер аумағы 150 гектарды құрайтын болады.