Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азия ойындарында жүлде алғандарға қанша сыйақы беріледі?

Азия ойындарында жүлде алғандарға қанша сыйақы беріледі?

Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Азиаданың қазақстандық жеңімпаздарының қанша көлемде сыйақы алатындары белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медальді қанжығаларына байлады. Алтын медаль иелеріне ҚР мәдениет және спорт министрлігі 10 мың доллардан береді. Ал, «күміс» жүлде иегерлері бес мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тарту етіледі.

Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша, Қазақстан медаль саны бойынша тоғызыншы орынға жайғасты.

Жүлделі орындарды Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.

Похожие материалы