"Азия Авто" жаңартылған Skoda Superb, Rapid және Octavia көліктері өндірісін бастады
Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz - "Азия Авто" (ШҚО) автокөлік құрастыру зауыты Skoda Superb, Rapid және Octavia машиналарының жаңартылған сериялық шығарылымына кірісті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Skoda Superb әлдеқайда қуатты, екі литрлі және 220 аттың күшіне ие қозғалтқышы болады. Skoda Octavia - 1,6 литрлі MPI қозғалтқыш, қозғалтқышы 110 аттың күшіне тең. Ал Skoda Rapid 1,6 литрлі үнемді қозғалтқышымен (110 а.к.) ұсынылады.
"Біз Өскемен конвейерінде Skoda автокөліктері өндірісінің артқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстан автоиндустриясы екі жыл қатарынан төмендеген болатын. Енді бренд толыққанды жаңартылған нұсқада республика нарығына қайтадан шығады. Бүгін біз бірден үш моделдің шығарылымын бастаймыз. Олар қозғалтқыштарының қуаттылығымен ерекшеленеді", - деп атап өтті "Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев.
Айта кетейік, "Азия Авто" зауыты 2002 жылы құрылған. Зауыт серіктестері - Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan, "АвтоВАЗ" және KIA Motors компаниялары. Кәсіпорын Lada; Skoda - Octavia, Fabia, Yeti, Rapid, Superb; Chevrolet - Captiva, Aveo, Cruze, Orlando, Malibu, Tracker; KIA - Mohave, Sorento, Cerato, Soul, Sportage, Optima, Cadenza, Picanto, Cee'd , Quoris, Carens, Rio НВ автокөліктерін құрастырумен айналысады.