Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азиядағы әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

Азиядағы әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

Азиядағы Токио мен Сеул тәрізді көптеген ірі қалалар бельгиялық терактіге байланысты әуежайдағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр деп хабарлайды Bloomberg. Сеульдегі Инчхон әуежайы қауіпсіздік қызметкерлерінің санын 700 адамға ұлғайтты деп хабарлады Incheon International Airport Corp. операторы.

Токиодағы Наритада дәретхана бөлмелері мен қоқыс жәшіктері тұрақты тексерілуге міндеттелген. Ал Ханэда әуежайы бекеттегі полицейлер санын көбейтті. Гонконг әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін қатаң тексерістер жүргізіліп жатқандығын жариялады. Аустралия билігі федералды полиция мен кинолог қызметкерлер арқылы терминалға кезекшілік қойған. Арнаулы мақсаттағы полиция отряды кез келген төтенше жағдайға дайын тұр. Үндістан полициясы метро бекеттері мен Нью-Дели қаласының әуежайындағы тыныштықты сақтау үшін қосымша шаралар қабыладады. Бұл аптада Үндістанда Холи мерекесі өтетіндіктен, жолаушылар тасымалы ұлғая түсуі мүмкін. Азиялық әуежайлар Париждегі жарылыстардан кейін де сақтық шаралар жүргізген еді, олардың көпшілігі әлі де күшін жойған жоқ. Бельгия астанасы Брюссельдегі әуежай және метродағы жарылыстардан кейін отызға жуық адам қайтыс болып, екі жүзге жуығы жарақат алды.

Похожие материалы