"AsiaCredit Bank" АҚ 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап өзінің заңды мекен-жайын өзгертеді деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Банктің жаңа мекенжайы - Алматы қаласы, әл-Фараби көшесінің бойындағы "Нұрлы-Тау" кешенінде.АзияКредит Банктің заңды мекенжайы өзгерді
"AsiaCredit Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Нұғымановтың айтуынша банктің жаңа кеңсеге көшуі АзияКредит Банктің одан әрі дамуы мен стратегиясын сәтті іске асырылуының қажетті шарты.
Заңды мекенжайдың өзгеруімен қатар Банктің бас кеңсесінің барлық бөлімшелері көшірілді.