Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азиялық даму банкі облигацияларын теңге түрінде жариялайды

Азиялық даму банкі облигацияларын теңге түрінде жариялайды

Азиялық даму банкі (АДБ) ҚР-ның Ұлттық банкімен өз облигацияларын Қазақстандық қор биржасына теңге түрінде шығару мәселесін талқылады. Бұл туралы ҚазТАГ  хабарлайды.

"Жарияланатын облигациялар жергілікті капитал нарығының дамуына ықпал етеді. Жоспарланатын сома болашақта орта және шағын бизнес пен жеке секторды қаншалықты қаржыландыратындығымызға байланысты болады. Жалпы алғанда келіссөздер жүргізілді, тек бірлі-жарымды сұрақтар қалды",- деп мәлімеді АДБ-ның Қазақстандағы өкілі Джинлинг Янг.

Сондай-ақ ол АДБ-ның Қытайдың Қазақстанда құрған Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ)  жұмысына аса зер салып отырғандығын атап өтті.

"Ол ұйымның әрекетін ұйымдастыру белгілі бір уақытты алады. Ал АИИБ  халықаралық стандарттарды сақтай отырып, Қазақстандағы жұмысын толыққанды бастаған кезде ел дамуына септігін тигізу үшін серіктестік мәселесін қарастырамыз", - деді АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы.

 

Похожие материалы