Экономика
Выбор редактора
Азиялық даму банкінен берілген қарыз көлемі рекордтық деңгейге жетті
Азиялық даму банкі (АДБ) 2015 жылы 27,15 млрд доллар қаржыны грантқа, қарыз беруге және техникалық көмек көрсетуге жұмсады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 19%-ға артып, рекордтық деңгейге жетті, деп жазады Kapital.kz.
АДБ-дан берілген тәуелсіз қарыздар мен тәуелді қарыз көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, 16,58 млрд долларды құрады. Техникалық көмек көрсету көлемі 144 млн доллар болды.
16,58 млрд доллар көлеміндегі мақұлданған тәуелсіз қарыздар мен грант есебі 21%-ға ұлғайып, 2015 жылы аталған қаржыға 13,95 млрд доллар қосылған.
Тәуелді операциялар 2014 жылы 1,92 млрд доллар болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 2,63 млрд доллар болды.
АДБ осындай көрсеткішке жету үшін айырықша кедей мемлекеттерге мақұлданған тәуелді қарыз көлемінің 40%-ын жұмсаған. Сондай-ақ, жылдам мақұлдау жүйесін енгізді. Қазіргі уақытта банк жеке секторларды ұлттық валютада несиелендіруді белсенді қолданып келеді және жергілікті валютада құнды қағаздардың эмиссиясын арттырды.
Фото: abnews.ru