Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Халық банкінің «Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сатып алу бойынша келісім-шартты жүзге асыру үшін Ұлттық Банк тарапынан тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.
"Келісімге қатысты қосымша ақпарат тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады», – деді О. Смоляков. Оның сөзінше, "Қазкомның" кредиттік портфелінің 50 пайыздан астам үлесі "БТА Банкке" тиесілі Бірінші кезекте БТА Банктің активтерін «Казкоммерцбанк» АҚ-тан оқшаулау қажет. Ол үшін "Проблемалық кредиттер қоры" араласуы керек. Одан әрі активтер мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының айналымында болады.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық Банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ арасында өзара акциялар пакетін сатып алу бойынша меморандумға қол қойған еді.