Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазкоммерцбанк» АҚ 500 млн доллар сомасына еурооблигацияларды өтеді

«Қазкоммерцбанк» АҚ 500 млн доллар сомасына еурооблигацияларды өтеді

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz  «Қазкоммерцбанк» АҚ 2006 жылғы қарашада шығарылған, бастапқы орналастыруы 500 миллион долларды құраған, қамтамасыз етілмеген үлкен еурооблигацияларды өтеді. Бұл туралы барктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Банк өз міндеттемелеріне уақытылы қызмет көрсету мен өтеу бойынша жұмысын жалғастырып келеді.  Біз міндеттемемізді қосымша қор тартпастан,  өз қаражатымыздың есебінен өтедік» - деді өз сөзінде басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абай Искандиров.

Айта кетейік, банк активтері 2015 жылғы 31 желтоқсанда 5 094 млрд теңгені құрады.

Банктің зейнетақылық қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру мен брокерлік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін еншілес компаниялары бар. Сонымен қатар Банктің Ресей Федерациясында және Тәжікстан Республикасында еншілес банктері бар.

Банктің акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE) ресми тізіміне енгізілген. Банк акциялары негізгі активтері болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар (ЖДҚ) Лондон қор биржасының (ЛҚБ) листингінде орналастырылған. Банк ТМД банктерінің арасында бірінші болып 2006 жылғы қарашада 845 млн АҚШ доллары сомасына Лондон Қор Биржасында ЖДК нысаны бойынша IPO аяқтады.

Похожие материалы