Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасынан кетуі мүмкін

Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасынан кетуі мүмкін

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазкоммерцбанк өтімділігінің төмендігіне байланысты Лондон қор биржасынан кетуі мүмкін. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасындағы (ЛҚБ) листингін ерікті тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасының листингінен өз еркімен шығу жолдарын қарастырып жатыр. Оған себеп ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) өтімділігінің төмендігі. Сонымен қатар, банктің қор нарығында акционерлік капитал тарту жоспары жоқ. Баспасөздің хабарлауынша, депозитарлық қолхаттың негізгі активі - Қазкоммерцбанктің шығарған акциялары.

Банк акционерлерінің делистингке (акцияларды қор биржасындағы саудадан шығару) қатысты қабылдануы мүмкін шешімі Халық банкпен бірігу алдындағы қалыпты халықаралық тәжірибе болып есептеледі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ЛҚБ сатылымындағы депозитарлық қолхаттар саны шынайы уақыт режимінде өзгеріп отырады. Ал жалпы алғанда тізімде 115 млн қолхат бар.

Похожие материалы