Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк пен Халық банкі сатып алу туралы келісім-шартқа қол қояды - Ұлттық банк төрағасы

Қазкоммерцбанк пен Халық банкі сатып алу туралы келісім-шартқа қол қояды - Ұлттық банк төрағасы

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазқоммерцбанк пен Қазақстан Халық банкі сату-сатып алу келісіміне қол қоюға дайындалып жатыр. Бұл туралы Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

"Қазіргі уақытта екі жақ меморандум аясындағы шараларды жүзеге асырып жатыр. Көбіне активтер сапасын кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде (due diligence). Сонымен қатар, сатып алу туралы келісім-шарт пен басқа да құжаттар дайындалып жатыр", - деп атап өтті Данияр Ақышев бүгін Алматыда өткен баспасөз-конференциясында.

Оның айтуынша, аталған шаралардың жүзеге асу мерзімі келісімге қатысушыларға байланысты.

Еске салсақ, 2017 жылдың 2 наурызында Қазкоммерцбанк міндетті күші жоқ меморандумға қол қойған болатын. Келісім Халық Банк Қазкомды сатып алғаннан кейінгі өзара түсіністік туралы.

Похожие материалы