Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ БӨ, Компания) 2017 жылдың 9 айдағы операциялық нәтижелерін жариялады.
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (бұдан әрі - ҚГМ), «Қаражанбасмұнай»АҚ (бұдан әрі - CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (бұдан әрі - ПҚИ) компаниялардағы үлестерді есептегенде, 8 884 мың тонна (тәулігіне 239 мың баррель) мұнай өндірді. Бұл 2016 жылдан 3 пайызға кем.
«Өзенмұнайгаз» АҚ 2016 жылдан 2 пайызға кем (4 092 мың тонна) мұнай өндірді. Бұл көрсеткіш пайдалануға берілген ұңғымалардың аз көлеміне және ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейіне байланысты болды.
«Ембімұнайгаз» АҚ 2 117 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндіріп, 2016 жылдан 0,2 пайызға төмен деңгейді көрсетті. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 6 209 мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 1 пайызға кем түсті.
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2 675 мың тоннаны (тәулігіне 72 мың баррель) құрады. Бұл 2016 жылдан 6 пайызға кем. Мұндай көрсеткіш ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи төмендеуімен байланысты болды. Онда күндізгі өндіру көлемі 2016 жылдан 13,5 пайызға кем болды.