Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-ның бас директоры қызметінен кетті

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ-ның бас директоры қызметінен кетті

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ БӨ) компаниясының директорлар кеңесі бас директор Абат Нұрсейітовтың басқа қызметке ауысуына байланысты бас директорлық қызметімен қатар компанияның директорлар кеңесінің мүшелігінен кетуі туралы өтінішін мақұлдады. Бұл жөнінде ҚМГ БӨ баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа бас директорды тағайындау туралы шешім алдағы уақытта қабылданатын болады. Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон Абат Нұрсейітовке компания дамуына қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді. Бекітілген тәртіп бойынша бас директор сайланғанша ҚМГ БӨ бас директорының міндетін атқару 2015 жылдың 8 қыркүйегінен бастап бас директордың орынбасары Дастан Абдулғапаровқа жүктелді.

Похожие материалы