Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның (ҚМГ БӨ) таза табысы 195,3 млрд теңгені құрады және 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,5 пайызға өсті, деп хабарлайды LS.
Компанияда айтылғандай, таза пайданың ұлғаюы, негізінен, Brent құнының 24 пайызға ұлғаюы нәтижесінде, түсімдердің өсуіне байланысты болды. Сондай-ақ, 2017 жылы түсімдер 956,4 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 32 пайызға жоғары.
Салық салынғанға дейінгі пайда 212,9 млрд теңгені құрады, ал 2017 жылы ол 166,6 млрд теңгені құраған (өсім 42,8 пайыз) болатын.
Компанияның активтері 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,3 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 10,5 пайызға артты. Сонымен бірге, капитал 2,1 трлн теңгені (9 пайыз өсім), ал міндеттемелер 225 млрд теңгені (өсім 27,2 пайыз) құрады.