Экономика
Выбор редактора
Қазмұнайгаз басқарма төрағасының бірінші орынбасары ҚМГ БӨ директорлар кеңесін басқарды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (ҚМГ БӨ) АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер СаймонХопкинсон сайланды. Бұл жайлы сәрсенбі күні компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сәйкес шешім 20 қаңтарда ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің кезектен тыс күндізгі жиналысында қабылданды.
Сондай-ақ, К.Хопкинсон ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің тағайындаулар комитетінің төрағасы болып сайланды.
ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2015 жылдың 13 сәуірінде аяқталады.
2015 жылдың 21 қаңтарына шаққанда ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамы келесідей - Кристофер Хопкинсон – ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚМГ ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Абат Нұрсейітов – бас директор, ҚМГ БӨ басқарма төрағасы, Тимур Бимагамбетов – ҚМГ ҰК теңіз және жеке мұнай-сервис жобалары жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, Асия Сырғабекова – ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Ержан Жангаулов – ҚМГ ҰК құқықтық қамыздандыру жөніндегі басқарушы директор, Филипп Дэйер – тәуелсіз директор , Эдвард Уолш – тәуелсіз директор, Аластэр Фергюсон – тәуелсіз директор.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес құрылымы – 2004 жылдың наурыз айында ұлттық компанияның «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» еншілес мұнай өндіруші кәсіпорындарының бірігуінің нәтижесінде құрылған.
Компания мұнай өндіру көлемі бойынша Қазақстандағы жетекші үштікке кіреді. Компанияның қарапайым акциялары Қазақстанның қор биржасында листингіден өткен, ірі депозитарлық қолхаттары - Лондон қор биржасында.