Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз франшизалық бағдарламаны іске қосты

ҚазМұнайГаз франшизалық бағдарламаны іске қосты
Астана. 28 қараша. 7kun.kz - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы DODO жобасын (Dealer Own Dealer Operating) франшиза кестесіне сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – жекеменшік жанармай бекеттерін «ҚазМұнайГаз» брендінің атынан жұмыс істеуге шақыру. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлайды.  «ҚазМұнайГаз Өнімдері»  бас директоры Асылбек Карибаев бағдарламаның бір уақытта әлеуметтік бағытта да, компания жұмысының белсенділігін арттыру мақсатында да жұмыс атқаратындығын атап өтті. «Квазимемлекеттік сектор компаниясы шағын және орта бизнестің дамуына көмектесе бастағанда, бұл жобаны мемлекеттік және жекеменшік серіктестіктің үлгісі деп көрсетуге болады. Алайда компанияның жеке бренді әлдеқайда демократиялық сипатта болады. Себебі кәсіпкерлер компанияның бір бөлігі болуға мүмкіндік алады»,-деді Асылбек Карибаев. Жобаның басты мақсаты – жанармай бекеттерінің иелеріне «КазМұнайГаз» брендінің атынан жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Мұнай өнімдерінің есебін қолма-қол және қолма-қол емес төлеммен жүзеге асыруға жол ашу. Франшизалық бағдарламаны іске қосу арқылы мұнай өнімдерінің көлеңкелі тұстары азаяды. Сонымен қатар, жол сервистері мен мұнай өнімдерінің сапасы жақсарып, салық көлемі көбейеді деп жоспарлануда. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» өз серіктестеріне мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізіліп тұруын қамтамасыз ететін болады. Тұтынушыларды қолма-қол емес сатылымға шақырады. Одан басқа, маркетингтік бағдарламалар да жұмыс істейді. Жарнамалық акциялар мен «КазМұнайГаз Клуб» аясында іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, ҚазМұнайГаз автобекет қызметкерлерінің техникалық жағдайы мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылайтын болады.

Мөлдір ИМАНМӘДИ "7"

Похожие материалы