Экономика
«ҚазМұнайГаз» мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан қызметкерлер санын қысқартпайды

Ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлер саны мен олардың жалақысын қысқартпайды.
"Еңбекақы деңгейі төмендемейді, бірақ өсу де жоспарланбаған» , -деді Сауат Мыңбаев Астанада өткен Орталық коммуникациялр қызметінің брифингінде.
"Жалпы алғанда қызметкерлер көлемі де қысқармайды. Дегенмен де, қазір «Самұрық-Қазына» тобында трансформациялау процессі жүріп жатқандығын білесіздер. Осы үрдіске байланысты бұрын жоспарланған трансформациялау сол режимде жүргізіледі» ,-деді ол.