Экономика
Экономика1
Медиа
"ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин қымбаттады
Ең көп қолданыстағы бензин маркасының бағасы бірден 5 теңгеге өсті. Бұл туралы informburo.kz хабарлайды.
"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны 130 теңгеге өсті. Компанияның Астанадағы жанар-жағармай бекеттері баға көрсеткіштерін өзгертіп үлгерген.
92-маркалы бензин бағасының қымбаттағанын компанияның call-центріне хабарласып білген едік, оператор растады.
"Йә, 92-нің бағасы литрына 130 теңге болды. Қазір Қазақстан бойынша баға көтерілді",- деді компанияның ақпарат орталығы. Баға не себепті көтерілді деген сұрағымызға: "Бізге себебін әлі айтпайды. Біз өзіміз енді біліп жатырмыз",- деп жауап берді call-центрдің операторы.
Айта кетсек "Sinoil", "Асқар" жанар-жағармай бекеттерінде мұнай өнімінің бағалары өзгерген жоқ.