Экономика
Қазпочта ақша аударымдары орталығын ашты
«Қазпочта» Астана қаласының №17 почталық байланыс бөлімшесінде тәуліктік Ақша аударымдарының орталығын ашты. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ақша аударымдары орталығы 24/7 форматында жұмыс жасайды. «SALEM, TENGE!» жедел аударымдарын, ел ішіндегі және халықаралық аударымдар мен «Western Union» жүйесіндегі аударымдарды жүзеге асыратын болады. Сонымен бірге, тұтынушыларға шетелдік валюталарға айырбастау, салық және өзге де төлемдер жүргізуге мүмкіндік беріледі», - дейді мекеме қызметкерлері.
«Әзірге бұл жоба сынақтан өткізіліп жатыр. Сол себепті, біз тек бір операторды іске жұмылдырып отырмыз. Бірақ, алдағы уақытта тұтынушыларымызға қызмет көрсету үшін төрт жедел терезе ашу жоспарда бар. Ақша аударымы орталығы бір жарым сағаттық үзіліспен жұмыс жасайды, яғни 9:00-ден 20:00-ге дейін және 23:45-тен 00:15-ке дейінгі аралықтарда» - дейді "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.