Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансГаз бен ресейлік Газпром ынтымақтастық меморандумына қол қойды

ҚазТрансГаз бен ресейлік Газпром ынтымақтастық меморандумына қол қойды

"ҚазТрансГаз" АҚ (ҚТГ) және Газпромның үлестес компаниясы "Газпром добыча Кузнецк" ЖШҚ көмір қыртысының метанын өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды ҚТГ баспасөз қызметі.

"Құжат геологиялық зерттеулерден бастап, өндірістік қызметтің нәтижелерін коммерциялық пайдалануға дейін тиімді технологияларды құруды меңзейді. Жоба мақсатына қол жеткізу мақсатында тараптар ақпаратпен алмаса алады, бірлескен кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрып, көмір қыртысының метанын барлау және өндіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыра алады", - делінген бейсенбі күні таратылған компанияның пресс-релизінде.

ҚТГ мәліметінше, бұл көмірсутек шикізатын өндіру саласында инновациялық бағыт, сонымен қатар бұл шикізат дәстүрлі емес энерготасымалдаушылардың бірі, болжамды қорын ескерсек, оны Қазақстанның отын-энергетикалық базасының баламалы компоненті ретінде қарастыруға болады.

"ҚазТрансГаз" АҚ - газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор, "ҚазМұнайГаз" құрылымына кіреді.

"Газпром добыча Кузнецк" ЖШҚ - "Газпром" ААҚ-ның 100% үлестес компаниясы, негізі 2008 жылы қаланған.

 

Похожие материалы