Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйл компаниясының батумилік активтеріне тыйым салынды

ҚазТрансОйл компаниясының батумилік активтеріне тыйым салынды

"ҚазТрансОйл" АҚ компанияның Батумидегі активтеріне тыйым салынғандығын хабарлайды. Тыйымның салынуы компанияның талап арызының шарасы болып келген.

"2015 жылғы 20 ақпандағы "Талап қойылғанға дейін арызды қамтамасыз ету іс-шараларын жартылай қанағаттандыру туралы" Тбилиси қалалық сотының анықтамасына сәйкес Батуми мұнай терминалының клиент-крмпанияларының мәлімдемесі бойынша "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ-ның (Грузия) "Batumi Terminals Limited" (Кмпр) компаниясының 100% үлесіне, "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ-ға "Батуми теңіз порты" ЖШҚ-ның (Грузия) 100% үлесін және "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ-ның жылжымайтын мүлігін басқару эксклюзивті құқығына және тыйым салынды", - деп айтылады компания хабарламасында.

Тыйымның салынуы Батуми мұнай терминалының клиент-компанияларының талап арызын қамтамасыз ету шарасы болып келген, оның мәні - мұнай және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу нарығында Батумилік мұнай терминалының доминанттық жағдайына байланысты мәселелер, оның ішінде берілген қызметтердің тариф түзу мәселелері.

Бұл ретте талап арызы Батуми мұнай терминалының қарапайым режимінде жалғасып жатқан ағымдағы өнідірістік-шаруашылық қызметіне әсер етпейді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Похожие материалы