Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Азық-түлік корпорациясы" Қостанайдағы бидай тұқымының дефицитін жабуға қаржы бөлді

"Азық-түлік корпорациясы" Қостанайдағы бидай тұқымының дефицитін жабуға қаржы бөлді

Қостанай облысында 2015 жылғы егін егу науқаны үшін бидай тұқымының дефициті жабылды деп хабарлады сәрсенбі күні облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұқымның қажетті көлемін алу үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы 1,8 млрд теңге бөлінді, осы сомманың 823 млне теңгесі игерілген деп айтылады хабарламада.

Қазіргі уақытта облыстың ауыл шаруашылық өндірушілері тұқым материалының егіндік сапасын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тұқымның жалпы көлемінен зертханалық тексеруге 230 мың тоннасы келіп түсті, бұл тұқымның төгілген көлемінің 44%-ы. Осы көлемнің 87%-ы бірінші және екінші класқа жатқызылған.

Қостанай обылсында егіс науқаны мамырда басталады.

 

Похожие материалы