"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ (азық-түлік корпорациясы, мемлекеттік қорға дән сатып алушы оператор) ауылшаруашылық өндірушілердің жалпы көлемі 832, 7 млн теңгені құрайтын 75 өтініштерін қаржыландырды деп хабарлайды азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметі.
Осылайша, дән сатып алу операторы бидай сатып алуға арналған бағдарламаны тәмамдады. Ол үшін ауылшаруашылық кешенінің субъектілеріне ақша бөліп, өздеріне егіске жарамды бидай дәні немесе бидай алуға мүмкіндік туғызды.
Бұл бағдарламаны іске асыруға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруагерлері ат салысқан. Қаржыландыру егіс алқабында 1 гектарға 6 мың теңге деп есептеліну арқылы жүргізілді. Шаруагерлер өз міндеттерін бидай жеткізу арқылы 2015 жылдың 1 қарашасына дейін атқаруы тиіс.
Азық-түлік корпорациясы қоғамдық-кәсіпкерлік корпорациялардың көктемдік және жазғы қаржыландыруының кепілімен бидай мен арпаның форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстанның ауылшаруашылық Министрлігінің тарапынан 17 млрд 650 мың теңге бөлінеді. Азық-түлік корпорациясына Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлерінен жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 136 өтініш келіп түскен. "Азық-түлік корпорациясы" - мемлекеттік қорға дән сатып алушы оператор. Аталған корпорация акцияларының 100%-ы "КазАгро" холдингіне тиесілі.