Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азық-түлік өнімдеріне апталық мониторинг жасалды

Азық-түлік өнімдеріне апталық мониторинг жасалды

«Казагромаркетинг» АҚ 2015 жылдың сәуір айының 7-14 аралығындағы азық-түлік бағаларының мониторингін жасады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бакалея өнімдерінің бағасы былайша өзгерді:

- арпа жармасы Астанада 133 теңгеден 115 теңгеге арзандады, яғни 14%-ға. Арзандау өлшемелі өнімнің жекелеген саудасы өсіп, көтерме саудасы 80 теңгеден 55 теңгеге азайды, 31%-ға;

- бидай жармасы Астанада 14%-ға қымбаттады. Бұрын 138 теңге болса, қазір 159 теңге/кг. Өнімдерді жеткізушілердің көтерме бағаны 30%-ға көтеруінің әсерінен, бидай жармасы қымбаттады. Көтерме бағасы 50 теңгеден 65 теңгеге көтерілді;

Ет өнімдері:

- шошқа еті Петропавл қаласында 10%-ға өсті, 900 теңгенің орнына 1000 теңге болып отыр. Бағаны төмендеу себебі - жеткізушілердің көтерме бағаны 10%-ға арзандатуы. Көтерме бағасы - 830 теңгеден 750 теңгеге төмендеді;

Сүт өнімдерінің бағасында айтарлықтай өзгеріс болмады.

Жеміс-жидек, көкөніс: 

- жүзім Астанада 831 теңгеден 920 теңгеге қымбаттады. Пайыздық көрсеткіші - 11%; - қияр Астана қаласында 17%-ға арзандады. Бағасы -  480 теңгеден 400 теңгеге азайды;

- түйінді пияз Өскеменде 114 теңгеден 131 теңгеге қымбаттады, 15%. Астанада 13%-ға өсті, 106 теңгеден 120 теңгеге өссе, Алматыда 111 теңгеден 123 теңгеге өсті, пайыздық көрсеткіші - 11%;

- қырыққабат Ақтөбеде 55%-ға қымбаттады. 103 теңгеден 160 теңгеге өсті. Павлодар қаласында 10%-ға өсіп, 100 теңгеден 110 теңгеге қымбаттады;

- сәбіз бағасы Қарағандыда 96 теңгеден 108 теңгеге қымбаттады, 13%-ға өсті;

- қызылша Өскеменде 11%-ға қымбаттап, 117 теңгеден 130 теңгеге өсті;

- бұрыш бағасы Астанада 11%-ға өсіп, 644 теңгеден 718 теңгеге қымбаттады;

- мандариндер Ақтөбеде 314 теңгеден 383 теңгеге өсіп, 22%-ға қымбаттады;

Балық өнімдері:

- мөңке балық Ақтөбеде 250 теңгеден 285 теңгеге қымбаттады. Яғни, бағасы 14%-ға өсті;

- сазан Ақтөбеде 13%-ға қымбаттап, 425 теңгеден 480 теңгеге өсті.

«Казагромаркетинг» АҚ 2003 жылдан бері апта сайын азық-түлік өнімдерінің 66 түріне барлық облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалалары бойынша мониторинг жүргізіп келеді.

Похожие материалы