Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - Негізгі азық-түлік тауарларын ішкі тұтынудағы импорт көлемі төмендеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың қаңтар мамырында 2016 жылмен салыстырғанда негізгі азық-түлік тауарларының 11 түрі бойынша импорттың төмендеуі байқалды. Олар қой еті - 65%, басты пияз - 46%, қырыққабат - 22%, жармалар - 20%, қышқыл сүт өнімдері - 18%, сары май - 17%, бидай ұны - 14%, өңделген сүт - 13%, өсімдік майы, ірімшік пен сүзбе - 10%, асханалық қызылша импорты 5 пайызға төмендеген.
Негізгі азық-түлік тауарларын ішкі тұтынудағы импорт үлесі құс еті (2,7%), жарма (2,4%), өңделген сүт (0,1%), сары май (5,7%), өсімдік майы (3,4%), балық (5,6%) өнімдерінде төмендеді.