Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азық-түлік бағасын ұстап тұра алмаған облыс әкімдерінің орынбасарлары жазаланады

Азық-түлік бағасын ұстап тұра алмаған облыс әкімдерінің орынбасарлары жазаланады

Нұр-Сұлтан. 24 сәуір. 7kun.kz – Азық-түлік бағасын ұстап тұру бойынша тиімсіз жұмыс жүргізгені үшін облыс әкімдерінің орынбасарларына шара қолданылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,6%-ды құрады. Атап айтқанда, пияз 2,9%, қырыққабат 2,8%, құс еті 2,5%, сәбіз 2,3%, қант 1,5%-ға қымбаттады. Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсуі Нұр-Сұлтан (0,9%) және Алматы (0,8%) қалаларында тіркелді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев айтуынша, елімізде сауда үстемесін бақылау жұмыстары аясында үй маңындағы 32 308 дүкен тексерілді (қамту – 77%), соның нәтижесінде 358 бұзушылық анықталды. Барлық фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданды.

ҚР ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайлыов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге бағаны ұстап тұру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін жедел түрде тікелей жеткізу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіріп отыруды тапсырды.

«Мен бірнеше рет "айналым схемасын" қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, алайда бүгінде жұмыс тиісті деңгейде орындалмады. Осы айдың аяғына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті мақсатты деңгейге жеткізбейтін өңірлерде әкімдердің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарларына тиісті шара қолдану туралы ұсыныстар қаралатын болады», – деді Үкімет басшысы.

Похожие материалы