Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 28 желтоқсан айында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қазақстандық қор биржасында орналастырылған өзінің облигацияларын толық өтеді, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Жеке алғанда, ҰСН KZ2C0Y07E152 (коды PRKRb5) компанияның облигациялары бойынша сомасы 33,3 млрд теңге номиналды құнын, сондай-ақ сомасы 1,25 млрд теңге купонды толық төлеу жүзеге асырылды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жыл бойы 15,9 млн АҚШ доллары сомасында «Аль-Хилял» банкі мен 9 млрд теңге сомасындағы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ алдындағы қарызын өтеді.
Ұлттық компанияның негізгі қызметі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдесу. Оның жалғыз акционері – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.