Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҰҰ Астанада Сирия келіссөздері туралы техникалық кездесу өткізеді

БҰҰ Астанада Сирия келіссөздері туралы техникалық кездесу өткізеді

Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - БҰҰ 6 ақпан күні Астанада Сирия келіссөздері туралы техникалық кездесу өткізеді. Бұған дейін Астанада болған келісім жақсы нәтиже берген. Бұл туралы БҰҰ Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Ол Астанадағы 13 оппозициялық топпен соғысты тоқтату мақсатында өткен кездесуге қатысқандығын оң нәтиже деп есептейді. Арнайы елшінің айтуынша, БҰҰ қатысуымен өтетін техникалық кездесу жаңа механизмнің жұмыстарына қатысты болады.

Стаффан де Мистура Кеңес мүшелеріне Женевада өтетін сириялық келіссөздердің басталуын 8-20 ақпан аралығына ауыстыруды ұсынды. Алайда, шақыртулар 8 ақпанда таратылады.

«Астанадағы бастама бойынша, соғысты тоқтатып, бірқалыпты режимге ауысу үшін уақыт керек. Екіншіден, біз үкімет делегациясына қажетті шегіністерді ойластырып, дискуссияға дайындалуға мүмкіндік бергіміз келеді. Сонда оппозиция келіссөзге біртұтас позициямен келеді»,-дейді арнайы елші.

Ал егер, оппозиция біртұтас делегация құрмаса, онда қаруланған топтардың ішінен келісімге қатысушыларды өзі іріктеп алатындығын айтты.

Стаффан де Мистураның сөзінше, болашақтағы келіссөздер негізгі үш пункті бойынша өтуі керек. Олар: мемлекеттік басқарма, конституция және сайлау.

Похожие материалы