Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдарға қарсы жаңа резолюция қабылдады

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдарға қарсы жаңа резолюция қабылдады

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдарға қарсы жаңа резолюция қабылдады. Франция ұсынған қарарды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды total.kz.

Қауіпсіздік кеңесі халықаралық заң талаптарына сай ұйымға мүше елдерді Ирак пен Сириядағы лаңкестердің көзін жою үшін күш біріктіріп, барлық шараларды қабылдауға шақырды. Ұйым жарғысы бойынша, ең алдымен «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» және «Джебхат ан-Нусра» мен «Әл-Каидаға» қатысы бар барлық лаңкестік топтарға қарсы бақылауды екі есе күшейту көзделіп отыр. Сондай-ақ резолюцияда Анкара, Бейрут, Париж және Синай аралындағы, Ресей ұшағына жасалған соңғы лаңкестік әрекеттер айтылған. «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымына» қарсы күресте күш біріктіруге тиіспіз. Дәл осы резолюция барлығымыздың лаңкестерге қарсы бірге аянбай күш жұмсауымызға сеп болады деп сенемін. Шын мәнінде террористерге дер кезінде мән беріп, көзін жоймаса болмайды. Олар – әлем тыныштығына қауіп төндіретін бірден-бір ұйым", -деді Францияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Франсуа Делатре. Фото: total.kz

Похожие материалы